Ислам діні

Пəн: Дін тану

Жұмыс түрі: Реферат

Көлемі: 20 бет

Бұл жұмыстың бағасы: 1000 теңге

ID: 32

Сатып алу


Жоспар

I Кіріспе...................................................3
II Негізгі бөлім
2.1 Ислам дінінің пайда болуы.......................5
2.2 Әлемдiк дiн..............................................6
2.3 Құран Кәрім туралы.................................14
III Қорытынды..................................................19
IV Пайдаланылған әдебиеттер..........................20


Кіріспе

   Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді.Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады.

   Ислам дінін уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке ұшырауына бұл діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық, жалаңаштық құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмайды. Сондықтан, құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру, тайпа шонжарларына тиімді болмады.


Қорытынды

   Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қаиметті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхамедтің аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Құранда арабтардың сол кездегі феодалдық құрылысының идеологиясы жинақталған. Бұл идеология мұсылмандардың азаматтық, қылмыстық заңдары мен әдет-ғұрыптарының негізі болды. Ол қасиетті кітапта егін салған халықтардың әр дәуірдегі өмірінен алынған заңдар мен шежірелердің, ғұрыптар мен салттардың және астарлы сөздердің алуан түрі кездеседі. Мұнда өткен өмір мен болашақ заман туралы аңыздар да толып жатыр. Осындайлық діни қағида, заңдармен қатар, құранда құдай мен оның пайғамбарлары туралы адамның, жалпы әлемнің жер үстіндегі тіршіліктің жаратылуы да көптеген жорамалдар бар. Дін құранның негізгі нұсқасы жеті қабат аспан үстінде мәңгібақи сақталады дейді, Әзірейіл періште құранды көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп тұрыпты, пайғамбар мұны жазып отырыпты. Құдайдың берген өмірі, өткендігі оқиғалар мен қазіргі мен болашақ оқиғалардың барлығы осы кітапта жазылған. Сол жазудың мазмұнын перілерден қорғап тұрады екен. Құдай сөзі болғандықтан құран-өмірдің шын мәнісіндегі ережесі және кез-келген діндар мұсылман үшін болашақтағы барлық үміттің көзі. Бұған ешбір де ешбір шек келтіруге тиіс емес, өйткені оны құдаййдың өзі көктен аян етіп, адамдарға сыйға тартты делінеді.


Пайдаланған əдебиеттер тізімі

  1. Мұханов Қ., Әйтімбетова Г. Діндер тарихы мен теориясы және еркін      ой.Алматы, Респбликалық баспа кабинеті.-1994 ж. 

  2. “Ислам тарихы” С.Жолдасов. Алматы. 1998.

  3. “Шындыққа жол” Оразкүл қажы Көбеева. Алматы ҚАЗ ақпарат.


Беттерді қарау